WKF каратэден Олимпиада жолдамасының иегерлерінің тізімін жариялады

677

Жолдамалар Олимпиадалық іріктеудің бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша үлестірілді.

WKF каратэден Олимпиада жолдамасының иегерлерінің тізімін жариялады

Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған алғышқы каратэшілер есімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коронавирус індетіне байланысты бірнеше іріктеу кезеңінің финалдары тоқтатылды. Жолдамалар Олимпиадалық іріктеудің бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша үлестірілді. Нәтижесінде, рейтингте тиісті ұпай жинап көш бастаған 4 спортшыдан әр санат бойынша жалпы саны 32 жолдамаға иелік етті. Сондай-ақ, WKF Олимпиада қожайыны саналатын өткізуші мемлекет Жапониядан кімдер қатысатынын да мәлімдеді. 

Ката (Ерлер) - Маттиа Бусато (Италия), Антонио Диас (Венесуэла), Дамиан Кинтеро (Испания) және Али Софуоглу (Түркия).

Ката (Әйелдер) – Вивиана Боттаро (Италия), Сакура Кокомай (АҚШ), Мо Шенг Грейс Лау (Гонконг), Сандра Санчес (Испания).

Кумитэ (Ерлер):

67 кг – Дархан Асаділов (Қазақстан), Анджело Крещенцо (Италия), Стивен Дакоста (Франция), Винисиус Фигейра (Бразилия).

75 кг – Рафаэль Агаев (Әзірбайжан), Бахман Асгари Гончех (Иран), Луиджи Буса (Италия), Станислав Горуна (Украина).  

- 61 кг – Мерве Кобан (Түркия), Гиана Лотфи (Египт), Йована Прекович (Сербия), Сяоянь Инь (Қытай).

+75 кг – Угур Актас (Түркия), Саджад Гянджзаде (Иран), Джонатан Хорн (Германия), Иван Квесич (Хорватия). 

Кумитэ (Әйелдер) 55 келіге дейін – Сара Бахманьяр (Иран), Серап Озчелик Арапоглу (Турция), Анжелика Терлиуга (Украина) және Цзы-Юнь Вэнь (Тайбэй).

+61 кг – Хамиде Аббасали (Иран), Мелтем Хочаулу (Турция), Елена Квиричи (Швейцария), Ирина Зарецкая (Әзірбайжан).

Өткізуші мемлекет ретінде Олимпиада жолдамасына иелік еткен жапониялық спортшылар тізімі: Рё Кийуна (Ерлер, Ката), Кийоу Симидзу (Әйелдер, Ката), Наото Саго (Кумитэ, Ерлер -67 кг), Михо Мияхара (Кумитэ, әйелдер -55 кг), Кен Нисимура (Кумитэ, ерлер – 75 кг), Маюми Сомея (Кумитэ, ерлер -61 кг), Рютаро Арага (Кумитэ, ерлер +75 кг), Аюми Уекуса (Кумитэ әйелдер +61 кг).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу