"World Market" журналында Қазақстан туралы арнайы қосымша шықты

670

Қазақстан-Қытай өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамыту және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде ҚХР іскерлік қоғамдастығында кеңінен танымал "World Market" журналының редакциясы Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығымен ынтымақтаса отырып, "Focus on Kazakhstan" арнайы қосымшасын жарыққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"World Market" журналында Қазақстан туралы арнайы қосымша шықты

Басылым беттерінде оқырмандар Қазақстанның Қытаймен және әлемнің басқа елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылының өзекті беталыстарымен, даму әлеуетімен және перспективаларымен таныса алады.

Қосымшада Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғ.Қойшыбаевтың алғы сөзі, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық компаниялары "Kazakh Invest", "QazTrade", "Kazakh Tourism", "ҚТЖ Экспресс" және "Air Astana" басшыларымен сұхбаттар, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қызметі туралы анықтамалық материалдар ұсынылған.

"World Market" журналы Шанхай қаласында 1984 жылдан бастап шығарылады және халықаралық сауда мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін жариялауға мамандандырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу