WP: Ресейге қарсы санкциялар кесірінен АҚШ-та инфляция өсуі мүмкін

682

Санкцияларды зерттейтін бірқатар сарапшы Ресейге қарсы санкциялардың АҚШ пен әлемдік экономикаға қалай әсер ететінін анықтау қиын екенін айтуда.

WP: Ресейге қарсы санкциялар кесірінен АҚШ-та инфляция өсуі мүмкін

Ресейге қарсы салынған санкциялар АҚШ-тағы инфляцияның өсуіне әкеліп соғып, АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі мен демократтар үшін қараша айында өтетін Конгресс сайлауына дейінгі жағдайды қиындатуы мүмкін. The Washington Post газетінде осындай болжам жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мақалада Ресей Федерациясының Украинадағы әрекетіне байланысты жарияланған "санкциялар мен одан келетін экономикалық залал" саяси тұрғыдан Байден үшін сын-тегеурінге айналды деп жазылған.

"40 жыл ішінде ең жоғары көрсеткішке жеткен инфляция тағы да өсуде", – деп жазады The Washington Post. 

Санкциялар жөніндегі бірқатар сарапшы Ресейге қарсы санкциялардың АҚШ пен әлемдік экономикаға қалай әсер ететінін анықтау қиын екенін айтуда. Алайда кез-келген қиын кезеңде адамдар дүрбелеңге салынып, ақша жинай бастайды, бұл инфляцияны одан сайын күшейтеді деген пікірде стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының Әлемдік экономика саласындағы сарапшысы Уильям Ранч.

"Соғыс пен пандемия – басты факторлар, бірақ санкциялар, олардың қатаңдатылуы энергетика және азық-түлік сияқты салалардағы бағаның өсуіне әкеліп соғуы мүмкін", – деп жазылған мақалада.

АҚШ Еңбек министрлігінің дерегі бойынша, елдегі жылдық инфляция 2022 жылдың наурызында 8,5%-ға дейін өскен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу