WSJ: АҚШ-та газ экспорты 60 жылда алғаш рет импорттан асып түсті

1049

WSJ:  АҚШ-та газ экспорты 60 жылда алғаш рет импорттан асып түсті

Энергетика нарығына шолу жасаушы S&P Global Platts компаниясының мәліметтері бойынша,  АҚШ-та табиғи газ экспортының көлемі  60 жылда алғаш рет оның импортынан асып түсті. Бұл туралы The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап "Ъ" хабарлайды.

Ағымдағы айда АҚШ тәулігіне орташа алғанда 210 млн текше метр табиғи газ экспорттаған, ал импортталған газдың көлемі 190 млн текше метрді құрайды. Басылымның сауалына жауап берген сарапшылардың айтуынша,  экспорт пен импорттың тепе-теңдігі алдағы қыс маусымына байланысты өзгеруі мүмкін. Өйткені суық түсісімен табиғи газды тұтыну артады.  Бұған дейін АҚШ-тың тарихында тұңғыш рет Техас штатында 20 млрд баррельдей қоры бар тақтатас мұнай кен орны табылған болатын.  Ал мұнай өндіру жағынан алдыңғы орында  тұрған Ресей бұл жаңалыққа күмәнмен қарап, оны "қулық" деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу