Ядролық қаруды жоюды 113 ел қолдады

279

Ядролық қаруды жоюды 113 ел қолдады

Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясынан бас тартқан мемлекеттер кездесу өткізді. Олар ядролық қаруды түбегейлі жоюға және тыйым салуға қатысты конвенцияны талқылайды.

Осындай кедергіге қарамастан ұйымға мүше жүзден астам ел маңызды құжатты әзірлеуге белсене кіріскен. Солардың қатарында Қазақстан да бар. 2016 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында ядролық қаруға тыйым салатын заңды негізге ие шешім қабылданған.

Бірақ ядролық қаруы бар елдер әлгі шешімге қарсылық білдіріп, конвенцияны әзірлеуге қарсы дауыс берді. Қайшылыққа қарамастан ұйым басшылығы әлемді ядролық қарудан азат ету үшін қадам жасалатынына сенімді.

Тарихи құжат талқыланбас бұрын АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли тілшілермен тілдесіп, "40 шақты ел ядролық қаруды толық жоюға әрі оны шығаруға тыйым салуға қатысты конвенцияға қарсы шығып отыр. Олардың ойынша, адамзаттың қазіргі даму кезеңінде мұндай шешім қисынсыз екенін алға тартады", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу