Жеке яхтасы мен ұшағы бар азаматтарға салынатын көлік салығы артуы мүмкін

357

Яхта мен ұшағы бар қазақстандықтардың саны белгілі болды

Жеке яхтасы мен ұшағы бар азаматтарға салынатын көлік салығы артуы мүмкін Фото: asiaplustj.info

Сенатта салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Бізде жеке меншігінде ұшақтар мен яхталары бар салық төлеушілер бар. Олар бойынша егер қарайтын болсақ, бір нысанға төленген сома 13 мың теңгеге жуықтайды. Мұнда әрине біршама көтеру керек. Жағдайды түзеу қажет, яғни яхталар мен ұшақтарға көлік салығын көбейтеміз", - деді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде.

Вице-министр келтірген мәліметтерге сәйкес, жеке тұлғалардың меншігінде 490 яхта бар, ал 176-сы заңды тұлғалардың иелігінде көрінеді. Бұдан бөлек қазақстандықтарда 248 ұшақ бар, тағы 665 ұшақ заңды тұлғалардың меншігінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу