Яна Легкодимованы өлтіріп, сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

232

Екі сотталушының қорғаушылары өмір бойына кесілген жазаны жеңіл жазаға ауыстыруды сұрап отыр.  

Яна Легкодимованы өлтіріп, сотталғандар апелляциялық шағым түсірді Фото: instagram.com/legkodimova

Атыраудағы Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Әбділдің айтуынша, апелляциялық шағым алдын ала берілген. Өйткені заң бойынша үкім шыққаннан кейін 15 күн ішінде шағым беру қажет.

"Қазіргі уақытта тек алдын ала апелляциялық шағым берілді. Қорғаушылар үкімді толық зерттеген соң оны нақтылап, дәлел-дәйектерін толықтыра алады", – деді Ажар Әбділ.

Айта кетейік, қараша айында Атырау қалалық соты Алтынбек Катимов пен Ризуан Қайыржановты алдын ала сөз байласып адам өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот оларды марқұмның анасына моральдық және материалдық шығын ретінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Қазір іс апелляциялық сатыда қаралуда. Жәбірленуші тарап әділ жаза күшінде қалатынына үмітті.

Сот үкімі шыққан соң Атырау қаласында Яна Легкодимова ісін ашқан тергеушіге Президент мерзімінен бұрын майор атағы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу