"Яндекс.Такси" Серік Жұманғариннің сынына жауап берді

1057

Компания өкілі барлық ақпаратты агенттікке бергенін атап өтті. 

"Яндекс.Такси" Серік Жұманғариннің сынына жауап берді

Қазақстандағы Яндекс Go жетекшісі Байдүйсен Тайыр Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің сынына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Біз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен байланыстамыз. Қазақстан заңдарына сәйкес барлық ақпаратты бердік. Агенттікке сервис жұмысының негізін егжей-тегжейлі баяндадық, сауалдарды жіберу үшін компаниямыздағы адресаттарды нақтыладық", – деді Байдүйсен Тайыр.

Ол мемлекетік орган қабылдаған шешімге көңілі толмайтынын жеткізді.

"Өкінішке қарай, осыған қарамастан агенттіктің Алматыдағы басқармасы айыппұл салуды талап етті. Мұндай шешім қабылдауға негіз жоқ деп есептейміз және одан жоғары тұрған органдарға шағымданамыз. Мұндай іс-әрекеттер Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға ықпал етпейді және ел экономикасына теріс әсер етеді", – деді Қазақстандағы Яндекс Go жетекшісі.

Айта кетейік, осыған дейін сенатта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин тиісті ақпарат бермегені үшін "Яндекс.Таксиге" айыппұл салынғанын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу