"Яндекс Таксидің" бағасына қатысты тергеу жүріп жатыр

3774

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті хабарлағандай, "Яндекс Таксиге" қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме беріп. 

"Яндекс Таксидің" бағасына қатысты тергеу жүріп жатыр

2022 жылғы 18 қаңтарда департамент "Яндекс Такси.Корп" ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарды тергеуді бастады. Экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша.

Бұл қызметке Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабының 5-тармағында тыйым салынған. Нарық субъектілерінің бағаларды (тарифтерді), жеңілдіктерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгілеуге немесе ұстап тұруға әкеп соғатын экономикалық қызметін үйлестіруге тыйым салынады.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Осы жылдың басынан бастап департаменттің атына "Яндекс Таксиге" жоғары бағалар бойынша алты өтініш келіп түсті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу