“Яндекстің” тең құрылтайшысы Украинадағы соғысқа қарсы екенін жеткізді

876

Бизнесмен “Яндекспен” болған оқиғаның аяқталғанын айтты.  

“Яндекстің” тең құрылтайшысы Украинадағы соғысқа қарсы екенін жеткізді Фото: Андрей Любимов / РБК

“Яндекстің” тең құрылтайшысы Аркадий Волож Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығына қарсы екенін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz www.rbc.ru сілтеме жасап.

“Үнсіз қалуымның көптеген себебі болды. Менің мәлімдемемнің шыққан уақыты туралы дауласуға келеді, бірақ оның мәні бойынша емес. Мен соғысқа қарсымын”, - деді ол.

Бизнесменнің сөзінше, соңғы жылы оған оның көзқарасы туралы көптеген сұрақ қойылған.

“Мен өз ұстанымымды нақтылағым келеді. Барлық тараптың оған құлақ түргені маңызды”, - деді Аркадий Волож.

Волож Украинада достары мен туыстары тұратынын атап өтті.

“2014 жылдан бері Ресейде тұрмағаныма қарамастан, елдің іс-әрекеті үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенімді түсінемін”, - деді кәсіпкер.

Волождың айтуынша, 2014 жылы ол Израильге көшіп кеткен. Сол уақыттан бері “Яндекстің” халықаралық жобаларын дамытумен айналысқан.

“2022 жылдың ақпан айында әлем өзгерді. Мен “Яндекспен” болған оқиғамның аяқталғанын түсіндім”, - деп жалғастырды ол.

Волож елден кетуге шешім қабылдаған ресейлік инженерлерді қолдаумен айналысатынын жеткізді.

2022 жылдың 3 маусымында Аркадий Волож Еуроодақтың санкцияларына ілінді. Сол күні “Яндекс” оның компаниялар тобының бас директоры қызметінен, директорлар кеңесінен және халықаралық еншілес компанияларда басшылықтан кететінін мәлімдеді. Желтоқсан айының соңында кәсіпкер қызметкерлерге “Яндекстен” кететіні жөнінде хат жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу