ЯРКОкросқа қатысушылар "Джунглидің" 5 шақырымын жүгіріп өтуі керек

738

Нұр-Сұлтанда 20 шілдеде жыл сайынғы жетінші ЯРКОкросс фестивалі өтеді.

ЯРКОкросқа қатысушылар "Джунглидің" 5 шақырымын жүгіріп өтуі керек

"Болжап білуге болмайтын джунгли" бағытындағы қайырымдылық жүгіру Астана Триатлон паркінде өтеді. Биыл фестиваль тарихында алғаш рет мәре сызығына жеткендерге медальдар табысталады, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Мәреге жету үшін қатысушылар "Джунглидің" 5 шақырымын жүгіріп өтуі керек. Дәстүрлі түрде желаяқтар старттан финишке дейін жарқын және экологиялық қауіпсіз бояулар шашады. ЯРКОкросста таймерлер жоқ, сондықтан қатысушылар қандай екпінде жүгіру керектігін өздері таңдайды. 

Жүгіру 10:00-де басталады. Фестиваль аясында түрлі сыйлықтары бар футбол дартс пен арт-зона ұйымдастырылады.

Қатысу құны 18 шілдеге дейін балаларға 3500 теңге, ересектерге 5000 теңге. Үлкендерге арналған билетке қатысушылар футболка, рюкзак, старттық нөмір мен медаль алады. Тіркеу 18 шілде күні сағат 23:59-да аяқталады. Ал 19-20 шілде күндері тіркеусіз қатысу құны балаларға - 4500 және ересектерге - 6000 теңге. Бұл жағдайда стартқа қажет жиынтықты Яркокросс инфо-орталығында алуға болады. Балалар жиынтығына футболка кірмейді, бірақ оны сатып алуға болады. Үш жасқа дейінгі балалар тегін қатысады.

Тіркелген қатысушылар үшін жиынтық Астана Триатлон паркінде 19 шілде күні сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін беріледі.   

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қаражат ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын орнатуға бағытталады. Жобаның командасы мен волонтерлері ел бойынша 1150 ағаш отырғызды. Өткен жылы түскен қаражатқа "Аутизмді жеңеміз" қауымдастығы үшін баскетбол және волейбол алаңдары салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу