"Ясауи" ордені Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі – Ердоған

457

Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді.    

"Ясауи" ордені Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі – Ердоған Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын! – деді Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған.

Айта кетейік, елімізде жаңа 3 орден пайда болды. Олар: "Әл-Фараби", "Қожа Ахмет Ясауи" және "Мейірім". 

Жаңа ордендер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында тағайындалып отыр.

Құжатқа сәйкес, "Қожа Ахмет Ясауи" орденімен мемлекетшілдікті нығайтуға және қоғамдық-саяси, мәдени-гуманитарлық салалардың дамуына үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу