Ымдау тілі мен жасанды интеллект есту қабілеті бұзылғандарға тігін негіздерін үйретті

372

Курсқа 302 адам қатысып, 132-сі оқуын аяқтады.  

Ымдау тілі мен жасанды интеллект есту қабілеті бұзылғандарға тігін негіздерін үйретті Фото: ЖИ

Skills Enbek платформасында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған инклюзивті оқыту мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есту қабілеті бұзылған адамдарға ымдау тілі мен жасанды интеллектті қолдана отырып, тігін негіздерін үйрететін арнайы курс әзірленген. Оған 302 адам қатысып, 132-сі оқуын сәтті аяқтады.

Сонымен қатар платформада еңбек қауіпсіздігі бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін VR технологиялары енгізілуде. Пилоттық жоба аясында Астана мен Шымкент тұрғындары "Еңбекті қорғау" курсы бойынша виртуалды ортада практикалық сабақтардан өтті.

Оқу қорытындысында 242 адам тапсырмаларды сәтті орындап, сертификат алды.

Skills Enbek платформасына тіркелу және оқу бойынша ақпаратты "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның 8 (7172) 95 43 17 телефоны арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу