Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

912

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Каирде Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Мысыр Уақыфтар істері жөніндегі министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 2017 жылғы 8-9 наурыз аралығында Каир қаласында (Мысыр) өткен Қазақстан-Мысыр сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысына қатысты.

Іс-шара Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығы шеңберінде өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ал мысыр тарапын – МАР Инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі  Сахар Наср ханым басқарды.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері, соның ішінде дін саласындағы сұрақтар жан-жақты  қарастырылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамаға және бірнеше құжаттарға, солардың қатарында дін саласындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қамтитын – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен МАР Уақыфтар істері жөніндегі министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

ҮАК хаттамасында да Алматы қаласындағы Мысыр ислам мәдениеті орталығының "Нұр-Мүбәрәк" университетінде исламтану саласындағы ұлттық кадрларды дайындау бойынша мәселесі де көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу