YouTube АҚШ президенті Дональд Трамптың сотқа берген шағымын реттеу үшін 24,5 миллион доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолийдегі наразылықтан кейін Трамптың аккаунты уақытша бұғатталған болатын. Әлеуметтік желілердің басшылығы Трамптың жазбалары бұл әрекетке түрткі болуы мүмкін деп санады. Осыған байланысты Ақ үй басшысы YouTube-ті сотқа берді. Осыған ұқсас сот істері Facebook пен Twitter-ге қарсы да қозғалды.
Келісім шарттары бойынша 22 миллион доллар Ақ үйде бал залының құрылысына жауапты Trust for the National Mall ұйымына жіберіледі. Қалған 2,5 миллион доллар іс бойынша басқа талапкерлерге бөлінеді. Олардың арасында жазушы Наоми Вульф пен америкалық консервативтік одақ та бар.
YouTube-тің иесі Alphabet компаниясы – Трамппен сот дауын шешкен үшінші ірі технологиялық компания.
2025 жылдың қаңтар айында Meta Platforms Трамптың Facebook аккаунтының бұғатталуына қатысты шағымын реттеу үшін 25 миллион доллар төлеуге келісім бедрді. Ал X компаниясы АҚШ президентінің шағымын 10 миллион доллар төлеу арқылы реттеген.