Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

360

Сейсмикалық тербелістің қарқындылығы 3,5 балды құрады.

Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді Фото: liter.kz

15 шілдеге қараған түні Қырғызстанның оңтүстік өңірінің тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:37-де тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрі Хауз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым, Муркут ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым, Қызыл-Қия қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 54 шақырым жерде болған.

Зардап шеккендер, қираулар немесе инфрақұрылым нысандарының бүлінуі туралы ақпарат түскен жоқ.

Мамандар сейсмикалық жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу