Ыстанбұл қаласындағы Малтепе ауданында 7 қабатты тұрғын үй құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
TRT Haber арнасының мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. Алдын ала мәлімет бойынша үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Әзірге, үйінді астынан 5 адам құтқарылса, кейін тағы 3 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың үшеуі – бала.
Оқиға орнына келген Ыстанбұл губернаторы Давут Гүл ғимараттың 1987 жылы салынғанын, оның жеті қабаттан (бірінші қабатты қоса алғанда) және 12 пәтерден тұратынын атап өтті. Тұрғындарды тіркеу деректеріне сүйене отырып, ғимаратта барлығы 33 адам тұрғанын хабарлады.
– Біздегі дерекке сәйкес, төрт пәтерде барлығы 14 адам тіркелген. Дегенмен, азаматтарымыздың қонаққа келуі немесе тұрғындардың оқиға кезінде ғимаратта болмауы сияқты жағдайлар да болуы мүмкін, – деді Давут Гүл.