Ыстанбұлда Түркия, РФ мен Украинаның "астық мәмілесі" бойынша кездесуі өтеді

464

Түркия қорғаныс ведомствосының басшысы бастаманы ұзартқысы келеді. 

Ыстанбұлда Түркия, РФ мен Украинаның "астық мәмілесі" бойынша кездесуі өтеді Фото: cdnuploads.aa.com.tr

5 мамыр күні Ыстанбұлда Түркия, Ресей Федерациясы мен Украина қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде "астық мәмілесінің" мерзімін ұзарту мәселесі бойынша кездесу жоспарланған. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Кайсеридегі журналистермен сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Анкара Украинадағы соғысқа байланысты азық-түлік дағдарысын болдыртпау үшін барын салатынын атап өтті.

Хулуси Акар жақында Сирия бойынша төрт жақты кездесу өткен Мәскеуге сапары барысында ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен бөлек кездесу өткізіп, ал Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраковпен 18 сәуірде Кайсериде кездескенін еске салды.

"Екі кездесу барысында "астық дәлізі" тақырыбы талқыланды. Екі тарап Түркия тарапының 5 мамырда Ыстанбұлда осы мәселе бойынша қорғаныс министрлерінің орынбасары деңгейінде кездесу өткізу туралы ұсынысын қолдады. Басқа да бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда. "Астық келісімі" ешқандай кідіріссіз ұзартылады деп үміттенеміз, өйткені бұл мәміле аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ғана емес, сонымен қатар мұқтаж елдерді аштықтан құтқару жолы", - деді Акар.

Оның айтуынша, тараптар жалпы уағдаластық мерзімін ұзарту мәселесіне оң көзқараспен қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу