Ю.Ильин: Ленин шахтасында метан газы таралып қана қоймай, қатты жарылыс болған

564

Бұл туралы арнайы брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ю.Ильин: Ленин шахтасында метан газы таралып қана қоймай, қатты жарылыс болған Фото: khabar24.kz

Жарылыс салдарынан комиссия мүшелері оқиға орнына бара алмай отыр. Ведомства басшысының айтуынша, метан газының концентрациясы 5%-ға жеткен. Жұмыскерлер жарылыс ошағынан шамамен 1 шақырым жерде болған.

Юрий Ильиннің айтуынша, әуелі жарылыс болып, сосын өрт шыққан. Қазір қызыл жалын түгел сөндірілді. Дегенмен әлі бықсып жатқан тұстары бар. Сондықтан мамандар жер астын желдетіп жатыр. Барлығы сөнген кезде ғана комиссия мүшелері шахтаға түсіп, апаттың себебін анықтайды.

Еске салсақ, бүгін сағат түнгі үштер шамасында Ленин шахтасында апат болып, 5 адам мерт болған еді. 106 жұмысшы шұғыл түрде оқиға орнынан эвакуацияланды. Қазір 4 адам ауруханада жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр, бірер сағат бұрын операция жасалды. Қалған екеуі палатаға шығарылған, денсаулығы бірқалыпты. 

Апатты тергеу ісімен үкіметтік комиссия айналысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу