Юлия Галышева Қытайда әлем кубогының чемпионы атанды

716

Юлия Галышева Қытайда әлем кубогының чемпионы атанды

Фристайлдан Қытайдың Тайву қаласындағы "Secret Garden" тау-шаңғы курортында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева жеңімпаз атанып, Дмитрий Рейхард күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24.kz.

Могулшы Юлия Галышева гранд-финалда 80,88 ұпай жинап, үздік шықты. Екінші орынға 80,08 ұпай жинаған америкалық Джаэлин Кауф ие болды. Үштікті канадалық Анди Нод (80,03) түйіндеді.

Кешегі өткен кезеңде Юлия Галышева күміс медаль еншілеген болатын.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд күміс жүлдеге ие болды. Ол 84,92 ұпай жинады. 85,94 ұпай жинаған канадалық Микаэль Кингсбери жеңімпаз атанды. Қоланы австралиялық Мэтт Грехем (82,96) иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу