ЮНИСЕФ Сирияда мектепке әуе шабуылы салдарынан 22 бала қаза тапқанын мәлімдеді

1111

ЮНИСЕФ Сирияда мектепке әуе шабуылы салдарынан 22 бала қаза тапқанын мәлімдеді

Сирияның Идлиб провинциясында мектепке әуеден жасалған шабуыл салдарынан 22 бала және  6 мұғалім көз жұмды деп мәлімдеді БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ). Бұл туралы "Коммерсантъ" жазып отыр.

"Бұл үлкен қайғы. Егер шабуыл әдейі жасалған болса – ол әскери қылмыс", деді ЮНИСЕФ директоры Энтони Лейк.

Бұдан біраз бұрын құқыққорғаушылар "ресейлік немесе сириялық екені белгісіз, әскери ұшақтар Хасс елдімекеніне алты мәрте әуе соққысын жасады, мектеп қирап, 11 оқушы қаза болды" деп мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу