Юрий Гагариннің ғарышта жүріп жазған қолжазбасы 47,5 мың долларға сатылды

1165

Юрий Гагариннің ғарышта жүріп жазған қолжазбасы 47,5 мың долларға сатылды

Юрий Гагариннің ғарышта жүріп жазған алғашқы қолжазбасы жұма күні Нью-Йоркте өткен аукционда 47,5 мың долларға сатылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Қолжазбаның алғашқы бетінде Чкалов атындағы аэроклубтың атынан ағылшын тілінде былай деп жазылған: "Ғарышқа алғаш болып сапар шеккен КСРО азаматы Юрий Гагариннің 1961 жылы 15 сәуірде, "Восток" ғарыш кемесінде  жазған қолжазбасының тіркелген уақыты". Ал Гагариннің осы жылдың 12 сәуір күні ғарышқа ұшқаны белгілі.

Ал екінші бетте Гагариннің өзі жазған әсерлерге толы хаты көрсетілген: "Ғарышта болған аз ғана уақыт мені керемет әсерге бөледі. 175- 327 шақырым биіктіктен  Жер шары әдемі болып, анық көрінеді. Тіпті кейде тікұшақта отырғандай әсерде боласың. Мұнар таулар, әдемі табиғат, өзен жағалауы, көкарай шалғын майса шөптер, барлығы да айқын көзге түседі. Қазір мен өзімді өте жайлы сезінемін".

Хаттың соңына Гагариннің өзі  "15 сәуір 1961 жыл" деп қол қойған. Қолжазбаның жанында фотосы тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу