Юрий Ильин шатыр астында қалған ақмолалықтардың туыстарына көңіл айтты

584

Екі адам қатты желдің кесірінен қайтыс болды.

Юрий Ильин шатыр астында қалған ақмолалықтардың туыстарына көңіл айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин апта басында Ақмола, Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарында болған қатты желден зардап шеккендер  туралы мәлімет берді.

"Шатыр құлап қайтыс болған екі азаматтың туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамын. Оқиға Ақмола облысының аумағында болған. Бір қызметкер оқиға орнында көз жұмса, екінші адам кеше медициналық мекемеде өмірден өтті. Солтүстік Қазақстан аумағында  екі адам да желден зардап шеккен. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір желдің негізгі бағыты Ресейге қарай ойысты. Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында алдағы тәуліктерде қалың жауын шашын мен қатты жел болатыны туралы дабылды ескерту жарияланды", – деді ІІМ өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу