Ресей Запорожьедегі АЭС-ке жасалған шабуылға байланысты БҰҰ ҚК-нен отырыс өткізуді сұрады

509

Украина билігі станцияға жасалған шабуылды Ресей Федерациясы ұйымдастырды деп айыптады.

Ресей Запорожьедегі АЭС-ке жасалған шабуылға байланысты БҰҰ ҚК-нен отырыс өткізуді сұрады

Ресей Запорожьедегі АЭС-ке жасалған шабуылға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын 11 тамызда өткізуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Ресей тарапы МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гроссидің де қатысқанын қалайтынын білдірді.
Еске сала кетсек, Запорожьедегі АЭС-ке 7 тамызда қайтадан шабуыл жасалған болатын. Украина билігі бұл шабуылды Ресей Федерациясы ұйымдастырды деп айыптады.

"Террорист мемлекет атом станциясына оқ жаудырған кезде ешбір халық өзін қауіпсіз сезінбейді",– деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Зеленский халықаралық қауымдастықты атом электр станциясындағы шабуылға байланысты шұғыл шара қабылдауға шақырды.

Бұған дейін Рафаэль Гросси бұл шабуылға байланысты алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді. Гросси АЭС-тегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ойынша МАГАТЭ сарапшыларының миссиясын басқаруға дайын екенін айтты.

Запорожьедегі АЭС – Еуропадағы ең ірі атом станциясы. ВВЭР-1000 деп аталатын алты энергоблогы бар. Бірінші энергоблок 1984 жылдың желтоқсанында, алтыншысы 1995 жылдың қазанында пайдалануға берілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу