Зайсан ауданында жылыту қазандығындағы жарылыстан бір адам көз жұмды

356

Оқиға болған кезде моншада келушілер болған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зайсан ауданында жылыту қазандығындағы жарылыстан бір адам көз жұмды Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Зайсан ауданында моншаның жылыту қазандығы жарылып бір адам көз жұмды. Сонымен қатар зардап шеккен екі ер адам ауруханаға жеткізілді. 

Оқыс оқиға 14 қазанда Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінде болған. Жарылыс кезінде қоғамдық моншаның иесі мерт болды.

"Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізді. Оқиға болған кезде моншада келушілер болған жоқ", – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты бөлшектеп, тазалауда. Барлық қызметтер, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу