banner

Зайсан ауданындағы үйлердің төбесінен су әлі ағып тұр

362

Мәселені шешімі – төбені қалыңдап қайта жабу керек.

Зайсан ауданындағы үйлердің төбесінен су әлі ағып тұр Фото: тұрғындардан

Зайсан қаласында көпбалалы отбасыларға берілген үйлердің төбесінен су әлі сорғалап тұр. Тұрғындар мәселені талай көтерген, бірақ шешім таппаған. Аудан әкімдігі кемшілікті осы жылдың 1 қазанына дейін қалпына келтіретіндігін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік қыркүйек айының соңында Зайсан қаласында көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтр ретінде берілген 11 үйдің төбесінен су аққаны туралы жазған болатынбыз. 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аталған тұрғын үйлер "Нұрлы Жер" бағдарламасымен салынған. Жеке құрылысшылармен жасалған меморандум негізінде 18 қоспәтерлі үй (36 пәтер) салынып, 2020 жылы коммуналдық меншікке сатып алынған. Тіпті аудан әкімдігі құрылысты ешқандай комиссия қабылдап алмағанын айтқан болатын. 

– Төбемізден су ағып жатыр. Мәселе әлі шешілмеді. Аудан әкімдігі 1 қазанына дейін шешеміз деген. Айтқан күнінен бір ай асты. Шелектеп су шығарып жүрміз. Тіпті кейде ұйықтап жатқан баланың үстіне су сорғалап кетеді. Аудандық ЖКХ бөлімі үйлерді қабылдап алған кезде тек қағаз жүзінде ғана тапсырып алғандарын мойындады, – дейді Зайсан қаласының тұрғыны Армангүл Сәбитова.

Армангүл Сәбитованың сөзінше мердігер жуықта келіп тек ұсақ-түйек әрлеу жұмысын ғана істеген. Мәселені шешімі – төбені қалыңдап қайта жабу керек.

– Шатырларды тесіп тастаған. Оның үстіне бір-біріне дұрыс жапсарланып жабылмаған. Құрылыс материалын барынша үнемдеген, – дейді Армангүл Сәбитова.

Ал тағы бір көпбалалы ана әкімдіктен ешкім келмегенін айтуда. Үйінің төбесінен жел соғып тұрғанын да жасырмады. 

– Менің үйіме әкімдіктен ешкім келмеді. Мәселе сол күйі қалды. Жаңбырда су ағады.  Өткенде екі күн газ өшіп, бес баламен тоңып отырдық. Ақыры өзім жөндедім. Үйімнің төбесі жұқа жел соғып тұрады. Газды қысты күні 7-ге қойсамда суық. Үйдегі барлық бөлменің тоқтары салбырап жатыр. Ваннамның батареясы ол 3 жыл бұрын құрап берген, олда іске жарамсыз болып тұр. Батареяның пластик трубаларыда алынып жатыр. Үйдің қабырғалары да жарылып кетті, – дейді көпбалалы ана Арайлым Дүйсіпова. 

Аудан әкімдігі пәтерлерді бір айлық жалдау құнының бағасы 18000-20000 теңге аралығында болатынын айтты. Демек үй тегін берілмеген. 

Зайсан ауданының "AMANAT" партиясының депутаттары және Зайсан ауданының қоғамдық кеңес мүшелерімен аталған үйлердің кемшіліктерді жою бойынша жауапты мердігерлермен жиналыс өткізген.

– Жиналыс барысында аталған үйлерді салған мердігерлер кемшіліктерді жою бойынша кепілдік мерзіміне сәйкес қалпына келтіретіндігіне уәде берді.

Үйлердің жөндеу жұмыстары бойынша мердігерлер өз жұмысшыларын жіберіп су аққан үйлердің шатырларын көгерген үйлердің қабырғалын қырып қайта әктеу, электр қазандығын ток көздеріне қосу, электр желісін қайта қарап, газ пешінің тамызғысын жөндеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Ауарайының қолайсыздығына байланысты жұмыстарды жылдам әрі сапалы жасауға кедергі болып тұр, – дейді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалимкызы. 

Аудан әкімінің айтуынша жөнделген үйлердің төбелерін су ағуына себеп болған жағдай АҚ "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" тарапынан 2020 жылдары пандемия кезінде балаларды мектеп бағдарламасынан қалдырмау мақсатында әр үйге кішкене мұнаралы интернет желісі тартылған. Осы мұнараны қою барысында төбенің шатырын тескен. Су сол тесіктен аққан. Қазір жұмыс істеліп жатыр. 

– Жөндеу жұмыстарының шығыны үйден шыққан кемшіліктерге байланысты. Тұрғын үйлерді кезек ретіне сәйкес берген кезде  қабылдау беру туралы АКТ жасалады. Актіде тұрғын үйде бар заттар жазылады. Мердіргерлер үйдің: тағанына, қабырғаларына, үйдің шатырана жауап береді қалған күнделікті пайдаланатын қолданыстағы заттарға тұрғындар өздері жауап береді, – дейді аудан әкімі. 

Айта кетейік, әкімдіктің ақпаратына сүйенсек аталған жағдай бойынша әлі ешкім жауапқа тартылмаған. 

– Тұрғындар айтқан сапасыз құрылысқа қатысты жауапты адамдар жауапқа тартылған жоқ. Аталған тұрғын үйлердің кемшіліктерін жоймаған жағдайда сот арқылы жауапқа тартылатын болады, – дейді аудан әкімі. 

Естеріңізге сала кетейік, Зайсан аудданында осы құрылыс салынған кезде Зайсан ауданының әкімі болып Серік Зайнолдин қызмет атқарған. Ал  құрылысқа жауапты орынбасары С.Тлемесов болған.

Жуықта Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Еркебұлан Серікұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Сарытерек аулындағы "Бірқабатты Шығыс " бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің сапасыз екенін жазған.

– Фундамент үгітіліп жатыр сапа жоқ. Жартылай жер үстіне құйған фундаментті. Округ әкімі Н.Сәкенұлына бұл үйлердің құрылысын дереу тоқтатуды тапсырдым. Бұл үйлер фундаментінен әлден сапасыз, алда мемлекет қаржысына сатып алынбайтынын мердігерге ескертуін тапсырдым. Онымен қоса екінші екі үйдің орынын дайындап қойған. Бір ай бойы фундаментті дұрыс құя алмаған мердігер сапалы үй тұрғызатынына сенімнен гөрі күмән басым. Округ әкіміне бақылау жасауды тағы ескерттім, – дейді Еркебұлан Серікұлы.

Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы құрылысты сапасыз салалатындарды "қарапаймы халыққа, мемлекеттің бағдарламасына таза қиянат жасаушылар!" деп бағалайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу