Зайсан көліне екі балықшы батып кетті

341

Тарбағатай ауданында үш балықшы мінген қайық Зайсан көлінде аударылып кеткен.

Зайсан көліне екі балықшы батып кетті Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде балық аулап жүріп суға кеткен екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш балықшының біреуі жағаға өз бетімен жүзіп жеткен. Жағаға шыққан 58 жастағы ер адамға жергілікті тұрғындар көмектесті.

Суға кеткен екі адамның денесі екінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Белгілі болғандай, ер адамдардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған.

Қазір оқиға орнында ауқымды іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұған дейін өңірде дауылды ескерту жарияланған.

"Іздеу жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Атап айтқанда, жүзу құралдары, дрондар мен катерлер пайдаланылып жатыр. Сонымен қатар іздеу жұмысына қайықпен жергілікті тұрғындар да қатысуда", – деді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу