Динара Зәкиева Жаркентте анасынан таяқ жеген балалардың жағдайы туралы айтты

320

Аталған оқиға әлеуметтік желіде тез тарап, резонанс тудырды. 

Динара Зәкиева Жаркентте анасынан таяқ жеген балалардың жағдайы туралы айтты Фото: видеодан алынған кадр

Жетісу облысында баласын ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы факті бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Жетісу облысында балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті әйел полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта балалар қауіпсіз жерде, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Сонымен қатар, ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына тиісті ұсыныс жолданады, – деді Зәкиева.

Бұған дейін Жаркентте 28 жастағы анасы өз баласын аяусыз соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз. Белгілі болғандай, баланың әкесі болған жайтқа араласпай, жанында үнсіз отырып, бәрін телефонға түсіріп отырған.

Жетісу облысының Полиция департаменті кішкентай баласын соққылап, тепкілеп, қолынан тартып, бұрап, аяусыз ұрып-соққан ана қамалғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу