Зәкір Сафиуллин мен Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті

1531

Кешкі сессияда 75 келідегі Әбілхан Аманқұл жарысты бастайды.   

Зәкір Сафиуллин мен Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті

Амманда бокстан Азия/Океания аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі жалғасуда деп хабарлайды Olympic. kz. 

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зәкір Сафиуллин алғашқы айналымда қытайлық Чжан Чуннан басым түсті. Төрешілер үш раунд қорытындысы бойынша жеңісті қазақстандық боксшыға берген. 9 наурыз күні Зәкір ирандық Ризаи Ашканға қарсы шығады.

Ал 81 келіде жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті.  Ол Жаңа Зеландия өкілі Джером Помпеллонені ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу