Заң бұзған 2 мыңнан аса басшы жауапқа тартылды

1055

Өткен жылы қаржы саласында 251 миллирд теңгеге заң бұзушылық анықталған.

 Заң бұзған 2 мыңнан аса басшы жауапқа тартылды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев заң бұзған 2 мыңнан аса басшы жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 251 миллирд теңгеге қаржы бұзушылығы анықталған. Оның 75%-ы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу кезіндегі заң бұзушылыққа тиесілі. 

"Тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмысты қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есеп бойынша 237 миллиард теңгеге заң бұзушылық жойылды. Заң бұзушылықтарға жол берген  349 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды", деді Ерұлан Жамаубаев қаржы министрлігінің алқа отырысында. 

Министр аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыру үшін шамамен 2 мыңға жуық ұсыным берілгенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20,6 трлн теңге екенін айтқан.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу