Заң қабылдау құқығы тек мәжіліске беріледі

487

Жаңа жылдан бастап заңдарды қабылдау құқығы тек Мәжіліске беріледі. 

Заң қабылдау құқығы тек мәжіліске беріледі Фото: GOV.kz

Президентке қол қоюға да төмегі палата жөнелтетін болады. Бүгін Парламент бірлескен отырыс өткізіп, қызметінің жаңа регламентін бекітті. Оған сәйкес, Сенаттың өкілеті біршама қысқаратын болады. 

"Жаздағы рефередумда халықтың 77 пайызы Конституцияға өзеріс енгізуді қолдағаны есте. Жаңашылдықтардың бірі  заң шығару құқығын тек Мәжіліске беру. Бұл тікелей Тоқаевтың бастамасы еді. Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында депутаттар ішкі регламентті осы реформаға сәйкестендірді. Қарапайым тілмен айтқанда, жаңа жылдан бастап Парламент қалай жұмыс істейтінін анықтап алды". 

"Бұл Парламент ішінде құжаттар қалай қандай мерзімде қаралатынын анықтайтын ішкі процедура ғой", деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.

Жаңа реламентке сәйкес сенаторлар құр қол отырмайды. Мәселен, конституциялық заңдар палаталардың бірлескен отырыстарында ғана қабылданады  бұл бір. Үкімет ұсынған заң жобаларын Парламент дереу қарауға міндеттеледі  бұл екі. Әрине, барлығын емес, тек кезек күттірмейтін төтенше мәселелер бойынша, яғни халықтың өмірі мен денсаулығына, елдің конституциялық құрылымы, қоғамдық тәртіп пен экономикалық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайларда ғана. Үшіншіден, Премьер-министрдің баяндамаларын да Сенат пен Мәжіліс бірлесе тыңдайтын болады. Қос палата алдында есеп беретін Үкімет басшысына депутаттар сұрақ қойып, ескертулері мен шағымдарын ашық айта алады.

Өзгерістерді жиынға қатысқан Сенаттың 45, ал Мәжілістің 96 депутаты бірауыздан мақұлдады Жаңа регламент жап-жаңа жылда күшіне енбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу