Заң өлім жазасын белгілеу мәселесін Парламентке қалдырады – Қайрат Мәми

1063

Негізгі заң өлім жазасын белгілеу, олардың шеңберін қысқарту немесе одан бас тарту мәселесін Парламент құзырына қалдырады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Заң өлім жазасын белгілеу мәселесін Парламентке қалдырады – Қайрат Мәми

Оның айтуынша, еліміздің басты мақсатының бірі – адам құқығын жан-жақты қолдау. Бұл бағытта төмендегі мәселелерге назар аудару керек.

"Өткен жылдың соңында республика Президентінің өтініші бойынша Конституциялық кеңес Ата заңның өлім жазасын қолдану мәселерлерін регламенттейтін ережелеріне ресми түсіндірме берді. Кеңес атап өткендей, Конституцияға және жалпыға бірдей танылған халықаралық актілерге сәйкес, өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның негізгі құндылығы болып саналады.Негізгі заң өлім жазасын белгілеу, олардың шеңберін қысқарту немесе одан бас тарту мәселесін Парламент құзырына қалдырады", – деді Қайрат Мәми Конституциялық кеңестің Қазақстандағы Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауында.

Ол аталған құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, ратификацияланған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актінің екінші факультативті хаттамасын тиісті заңдарды ережелерімен үйлестіру жөніндегі жұмысты аяқтау керегін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу