Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы жинағы 1,8%-ға, шетел валютасындағы жинағы 1,6%-ға азайды

540

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы жинағы 1,8%-ға, шетел валютасындағы жинағы 1,6%-ға азайды

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы жинақтарының көлемі 2018 жылғы мамырдың соңында 16 896,3 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 755,2 млрд теңгеге, жеке тұлғалардың депозиттері 8 141,1 млрд теңгеге қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 397,7 млрд теңгеге жетіп, 0,2%-ға өсті, шетел валютасында 7 498,5 млрд теңгені құрап, 2,3%-ға қысқарды. Долларландыру деңгейі мамырдың соңында 44,4% болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы мамырда 1,8%-ға, шетел валютасымен 1,6%-ға азайды. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 4 262,8 млрд теңгеге көбейіп, шетел валютасындағы жинағы 3 878,4 млрд теңгеге қысқарды.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 2%-ға қысқарып, 11 539,7 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 6 294 млрд теңге, шетел валютасында 5 245,7 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,3%-ды, жеке тұлғалардың депозиттері11,4%-ға кеміді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу