Онда 8 судьяға қатысты 8 тәртіптік іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Істерді қарау қорытындысы бойынша заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 4 судьяға қатысты сөгіс түріндегі тәртіптік жаза, 2 судьяға қатысты ескерту түрінде жаза қолданылды.
"Сонымен қатар 2 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу