Заңға қайшы келетін 2,5 мың интернет-ресурс анықталды

959

Заңға қайшы келетін 2,5 мың интернет-ресурс анықталды

Қазақстанда ағымдағы жылы заңға қайшы келетін 2,5 мың интернет-ресурс анықталған, деп хабарлайды abctv.kz. 
Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2017 жылы дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мамандары ғаламтордағы 5527  ақпарат ресурсына зерттеу жүргізген. Олардың ішінде 2487 заңсыз материалдың бар екендігі анықталған.  Заңбұзушылықтар анықталған сайттар бойынша жасалған сараптамалық қорытынды ҚР ақпарат және коммуникациялар  министрлігіне аталған сайттарды бұғаттау және тиісті техникалық шараларды қабылдау  үшін  жіберілді.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі діни әдебиеттер және  өзге де діни мазмұндағы материалдар мен нысандарға діни сараптама  жүргізді.  Атап айтқанда, 2017 жылы 3495 материал діни сараптамадан өтіп, оның 179-ынан заңбұзушылық анықталды.
Қазіргі уақытта діни қызметті реттейтін заңнамаға түзетулер енгізу жөніндегі құжаттар әзірленді. Оның негізінде 9 заңға және 2 кодекске жалпы саны 52 түзету енгізу қарастырылып отыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу