Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Бұл туралы оның жұбайы Бақыт Мұсабекова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Осыған дейін заңгердің "жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінгені белгілі болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлеуметтік желілерде өте белсенді құқық қорғаушы Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы туралы видео жариялаған-ды. 

Бүгінде Алматы полициясы оған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

– Жолдасым Әділетхан Молдаханды 1 күн бұрын үйде отырған жерінен белгісіз адамдар хабарласып, полиция департаментіне шақырады. Сонымен, қазір 10 тәулікке қамап қойды. Біз соттан үй қамауына жіберуді сұрадық. Бірақ, үй қамауына жіберген жоқ.

Әділетханды "жалған ақпарат таратты" деп жатыр. Егер де ол жалған ақпарат тарататын болса, не себептен жоғары жақта отырған адамдар жұмыстан шығады деген ой болып тұр бізде. Біз анық-қанығын білмейміз. Әділдік орнап, Әділетхан аман-есен ортамызға оралады деген үміттеміз, – деді Бақыт Мұсабекова. 

Кеше белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның қамауға алынғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу