Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

338

Бұл туралы оның қорғаушысы Мейірман Шекеев мәлімдеді.  

Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Фото: AIRAN_MEDIA youtube арнасынан скриншот

Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір жыл бұрын полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану қаупі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

"Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, себебі іс жалғасып жатты. Дегенмен, осы аралықта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде біз бұл шешімге қол жеткіздік деп ойлаймын", – деді заңгер.

Мейірман Шекеев кейбір адамдар Қаржаубай сотталады деп үміттеніп, жағдайды ушықтыруға тырысқанын да жасырмады.

"Қаржаубайдың кейбір жаулары біздің үнсіздігімізді оның сотталуына балап, бұл істі аңдып жүрді. Тіпті отбасын қаралап, тікелей эфирлерде түрлі мәлімдемелер жасағандар да болды. Полиция қызметкерлерінің адамгершілігі жоғары болды. Құқық қорғау органдары да бұл іске объективті қарады. Соның нәтижесінде Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы негізінде тоқтатылды", – деп мәлімдеді Мейірман Шекеев.

Сонымен қатар заңгер Қаржаубайтың әпкесі Салтанат Нұрымоваға қатысты қозғалған істің де тоқтатылғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу