Заңгер Мейірман Шекеев Мұхтар Шахановқа тіл тигізген ер адамды сотқа береді

191

Ол қазақтың ақынын қорлауға жол бермеу керек екенін айтты. 

Заңгер Мейірман Шекеев Мұхтар Шахановқа тіл тигізген ер адамды сотқа береді Фото: Бейнежазбадан

Заңгер Мейірман Шекеев желіде танымал ақын, көрнекті қоғам қайраткері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановқа тіл тигізген блогердің үстінен арыз түсіретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Желі қолданушыларының бірі Алматыда Абдолла Розыбакиев көшесін Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы бастаманы сынады. 

"Алматыда Розыбакиев көшесін өзгерту туралы петиция жарияланыпты. Оны Желтоқсан бүлікшілерін ақтап шыққан адамға өзгерту үшін бе?",  – деді блогер.

Заңгер Мейірман Шекеев бұл блогердің үстінен арыз түсіретінін мәлімдеді.

"Ол біздің ұлттық намысымызға тіл тигізіп жатыр екен. Біздің Розыбакиевке ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Бірақ Мұхтар Шаханов біздің тұлғамыз, оны қаралауға жол бермейміз. Айтып отырғанның бәрі ұлттың намысына тиеді, себебі желтоқсаншылар құқықтық бағасын алған. Сондықтан, достар, бей-жай қарамайық. Мен бұл бейнежазба бойынша өз арызымды түсіремін. Мұндай ұлт араздықты туғызушы тұлғаларға, соның ішінде "Виолетта" деген ханымға да мен өз тарапымнан Қылмыстық Кодекстің 174-бабының белгісі бар деген уәжбен арыз түсіремін. Қаралауға ешкімге жол бермейік. Бізге қарап үргеннің үні өшсін", – деді адвокат әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған видеода. 

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда Розыбакиев көшесіне Мұхтар Шахановтың атын беру ұсынылғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу