Заңсыз алкоголь нарығынан шамамен 70 000 бөтелке алкоголь тәркіленді

542

Алматы, Шымкент, Тараз және Алматы облыстарында осындай жасырын 10 цехтың жұмысы тоқтатылды 

Заңсыз алкоголь нарығынан шамамен 70 000 бөтелке алкоголь тәркіленді

2020 жылдың 5 айында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі спирт және алкоголь өнімінің заңсыз айналымы саласында 19 қылмыс анықтап, оның 3-і өндірісте болса, 16-сы – сотқа жолдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Көлеңкелі алкоголь айналымының негізгі бөлігін спирттік ішімдіктерді сақтау және сату саласындағы заңсыз кәсіпкерлік кызметі фактілері құрайды

Заңсыз алкоголь нарығынан 69150 бөтелке спирттік ішімдік, 312 082 дана жалған акциздік марка және 76 тонна спирт тәркіленіп алынды.

Заңсыз айналымдағы алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі санитарлық норма сақталмайтын лас жағдайда, астыртын цехтарда қолдан дайындалады. Көрсетілген уақыт ішінде Алматы, Шымкент, Тараз қалалары мен Алматы облысындағы 10 астыртын цех қызметінің жолы кесілді.

Мысалы, 2020 жылдың басында "Jameson" виски маркасын астыртын цехта дайындаған Алматы қаласының тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында астыртын цехтан дайын "Jameson" алкогольдік виски өнімі тәркіленіп алынды. Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 233-бабының 2 б. (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сәйкес кінәлі деп табылып, астыртын цех қызметін ұйымдастырушыларының біріне 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы, екінші айыпталушыға 6 айға бас бостандығын шектеумен қатар, көрсетілген уақытта пробациялық бақылау орнату арқылы мәжбүрлі 50 сағаттық еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар Алматы облысының Қарасай ауданында МС-қа сәйкес келмейтін есепке алу-бақылау маркасымен алкоголь өнімін дайындап сататын астыртын цех анықталды. Танымал арақ маркалары қолдан жасалып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көтерме базарларда зауыт өнімі түрінде сатылып келген. Мемлекетке 2 277 576 теңге көлеміндегі келген залалдың орны толтырылды.

Тәркіленіп алынған спирт өнімдері сыртқа қолдануға арналған антисептикалық заттарды дайындау үшін аймақтардағы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Оперативтік штабтарға табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу