Заңсыз балық аулағандардан 216 келі балық тәркіленді

886

Заңсыз балық аулағандардан 216 келі балық тәркіленді

Павлодар облысында биыл жеті айдың ішінде заңсыз балық аулаған азаматтардан 216 келі балық пен ұзындығы 500 метр 14 қармақ, үш қайық тәркіленді. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Самал Темірболатова мәлім етті, , деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"106  келісі мөңке балық болса, 30 келісі - шортан,  27 келісі - қарабалық, 35 келісі - ақтабан, 12  келісі - алабұға, 5,5 келісі - торта және  0,5  келісі - сүйрік. Балық аулау ережесін бұзған 200 адамға қатысты хаттама толтырылды. Оның ішінде жеті материал Павлодар және Ақсу қалаларының әкімшілік соттарына қарауға жіберілді. Төрт адам  Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 3-бөлігі, 383-бөлігі бойынша) қармақты қолданған. Екі жағдай тиісті құжаттарсыз балықты алу, өткізу және сақтауға қатысты", - дейді Самал Темірболатова.

Бүгінгі таңда балық аулау ережесін бұзу фактілері бойынша жалпы сомасы 2268,7 мың теңгеге айыппұл салынып, 2216,6 мың теңге (98 пайыз) өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу