banner

"Заңсыз майнерлер болмаса, Ресейден энергия алмай-ақ қояр едік"

1188

"Қазақстанда майнерлерге қатысты нақты заң жоқ".

"Заңсыз майнерлер болмаса, Ресейден энергия алмай-ақ қояр едік"

Энергетика министрі Болат Ақшолақов журналистерге берген брифинг барысында майнинг және оның энергия жүйесіне әсері, электр энергиясының тапшылығы мен Энергетика министрлігі қабылдаған шаралар туралы баяндады.

"Ең жоғары жүктеме сағаттарында (таңертең және кешкі уақытта) энергия жүйесінде электр қуатының тапшылығы байқалады. Бұдан энергия өндіруші ұйымдар жабдықтарының авариялық тоқтатылуы жиілейді. Қажеттіліктің өсуінің негізгі себебі – цифрлық майнинг субъектілерінің қызметіне байланысты. Оларға қатысты бізде нақты заң жоқ", – деді министр. 

Оның Nege.kz тілшісіне берген жауабына қарағанда, заңсыз майнингпен айналысатындар болмаса, Ресейден энергия алмауға болар еді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы заңсыз жұмыс істейтін цифрлық майнерлерді анықтау және оларға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Министрдің сөзінше, қазір құқық қорғау органдарымен бірге электр энергиясы нарығын "көлеңкелі" цифрлық майнинг субъектілерінен тазартуға бағытталған тиісті іс-шараларды жүзеге асырылып жатыр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу