Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат ұсталды

730

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат ұсталды

Павлодарда тәртіп сақшылары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 25 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, құрықталған азамат заңсыз бизнесін дөңгелету мақсатында шілде айында сатып алған үш биржалық терминалын жалға алған ғимаратта орнатқан.

"Нәтижесінде заңсыз ойын бірқатар тұрғындардың қалталарын босатқан. Терминалдарды тексеру кезінде бір миллион теңгедей ақша тәркіленді.  Ұсталған жігіт бұған дейін осындай қылмысы үшін сотты болған", - деді департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу