Заңсыз лотерея ұйымдастырған қазақстандық блогерлердің тізімі жарияланды

258

Туризм және спорт министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде ұйымдастырылатын күмәнді ұтыс ойындары мен акцияларға қатыспауды ескертті.

Заңсыз лотерея ұйымдастырған қазақстандық блогерлердің тізімі жарияланды Фото: inbusiness.kz

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан комитетке келіп түскен өтініші негізінде 2025 жылы 121 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді.

Әлеуметтік желіде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған. Олардың арасында "Супермамасита" лақап атымен танымал Әлия Байтуғаева, блогер Мереке Қалбаева, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова, Justking31 лақап атымен танылған Нұрбек Нұртаза және оның әйелі, блогер Дархан Жолшыбеков және тағы басқалары бар.

Хаттама шешімімен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді. Келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, белгіленген тәртіппен қаралады.

Еске сала кетсек, ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК болып белгіленеді.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу