Запорожьедегі АЭС маңында атыс болып, қара түтін шықты

73

Бұл туралы МАГАТЭ ұйымының бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.  

Запорожьедегі АЭС маңында атыс болып, қара түтін шықты Фото: gmk.center

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бақылаушылары Ресей басып алған Запорожье атом электр станциясы маңында атыс болып, қара түтін көтерілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kyiv Independent басылымына сілтеме жасап.

МАГАТЭ ресми хабарламасында атыстан кейін үш жерден қара түтін шыққаны жазылған. Ресей тағайындаған станция "басшылығы" агенттікке бірнеше артиллериялық снаряд станция периметрінен тыс жерге, шамамен 400 метр қашықтағы дизель отыны қоймасынан алыс емес аумаққа түскенін жеткізген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе станция жабдықтарына келген зақым туралы ақпарат жоқ.

Дегенмен, Рафаэль Гросси бұл оқиғаның ядролық қауіпсіздікке төніп тұрған тұрақты қатерді тағы да айқындап бергенін айтты. 

"Бір кездері елестету мүмкін емес болған жағдай – ядролық нысандар маңындағы атыстар немесе әскери қимылдар – осы соғыс кезінде қалыпты құбылысқа айналды. Уақыт өтіп кетпей тұрып, барынша сабыр сақтап, атом станцияларына жақын аймақтарда әскери әрекеттерге жол бермеу қажет", – деді Гросси.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу