"Өтемақы талап етпек": Ақтөбеде матч көруге барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды

97

Оқиға "Ақтөбе" мен "Алтай" командалары арасындағы ойын кезінде болған.  

"Өтемақы талап етпек": Ақтөбеде матч көруге барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды Фото: 98mag.kz

Матч қызған сәтте трибунада отырған Аянай Елтоқованың бетіне алаңнан ұшып шыққан доп тиген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келіншектің жанында жұбайы болған екен, алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырған. Енді олар клубтан моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап етпек. Себебі, келіншектің миы шайқалған. 

"Доп келіп тигенде бірден бетімнен қанап, өзім сол сәтте не болғанын түсінбей қалдым. Басымды төмен түсірдім, содан кейін не болғанын білмеймін. Стадион жанындағы орындықта отырған кезде ғана есімді жинай бастадым. Ауруханаға барған соң дәрігерлер тексеріп, ауруханаға жату қажет екенін айтты. Қорытындысында маған жабық бас-ми жарақаты, жұмсақ тіндердің жаралануы және ауыр дәрежедегі ми шайқалуы диагнозы қойылды", – дейді Аянай Елтоқова.

Ауыр жарақаттан кейін оны ұйқысыздық пен бас ауруы мазалай бастаған. Ол бұл жағдайды стадиондағы қауіпсіздік талаптарының жеткіліксіздігімен байланыстырады. 

Ал "Ақтөбе" ФК өкілдері бұл жағдайға байланысты ресми кешірім сұрағанын мәлімдеді.

"Клуб тарихында мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Біз ресми түрде кешірім сұрадық. Ертең кездесіп, өзіне және жұбайына бір жылдық абонемент пен клуб жейделерін береміз. Әдетте стадионда тор орнатылмайды, халықаралық талаптарға сәйкес торлар тек қақпа артына қойылады", – деді клубтың медиа-офицері Әсет Жомарт.

Бетіне қатты соққы тиген әйел адам стадиондағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу