Зардап шеккендер бар: Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

341

Жарақат алғандардың арасында екі жүргізуші мен автобус жолаушысы бар. 

Зардап шеккендер бар: Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында Шанхай деп аталатын Застанционный көпірі маңында № 11 бағыттағы Yutong автобусы мен "ЗИЛ" жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен автобус жолаушысы жеңіл жарақат алды. Олар медициналық мекемеге жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды, – деп хабарлады ведомство.

Полиция аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесіне сай кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу