Зардап шеккендер бар: Маңғыстауда жүк көлігімен соқтығысқан Lexus аударылып қалды

278

Оқиға кеше, 1 қарашада болған.

Зардап шеккендер бар: Маңғыстауда жүк көлігімен соқтығысқан Lexus аударылып қалды Фото: ЖИ/ Lada.kz

Ақтау – Жетібай автожолында жол апаты болды. Lexus жол талғамайтын көлігі мен HOWO жүк көлігі соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Lexus GX460 көлігінің жүргізушісі Жетібай бағытында келе жатқан HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан кейін жол талғамайтын көлік жол қоршауына соғылған.

Жол апатынан кейін Lexus көлігіндегі екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың бірі травматология бөліміне жатқызылды. Екіншісіне дәрігерлер тексеру жүргізгеннен кейін үйіне қайтуға рұқсат берілген.

Lexus жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соқтығысудан соң Lexus көлігінің бүйіріне аударылып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу