Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайтын Тайбэйдегі халықаралық турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды vesti.kz.
Taiwan Open турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева жапон теннисшісі Юнри Намигатаны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Келесі айналымда қазақстандық теннисші Кай-Чен Чанмен (Тайбэй) кездеседі.
Зарина Дияс болса алғашқы айналымда ресейлік Анна Блинковадан айласын асырды. 1 сағат 29 минутқа созылған ойында отандасымыз 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Зарина екінші айналымда румын теннисшісі Моника Никулескумен немесе тунистік Онс Жабермен жолығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу