Еңбек министрі зейнет жасын қысқартуға байланысты өз ұсынысын айтты

597

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдер қозғалысының өкілдерімен бесінші кездесу өткізді. Ол азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында министрлік әзірлеген жаңа тәсілдер жөнінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Еңбек министрі зейнет жасын қысқартуға байланысты өз ұсынысын айтты

"Біріншіден, біз базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту туралы бастама көтердік. Қазір біздің ұсыныстарымыз басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда қаралады, егер қолдау тапса – келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүрген және болашақта құрметті демалысқа шығатын зейнеткерлер де оң әсерін тигізеді. 

Екіншіден, біз "Күміс жас" жобасының тетіктерін зейнет жасына дейінгі әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін қайта қарастырамыз.

Атап айтқанда, біз жобаға қатысу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бюджет қаражаты есебінен олардың жалақысын ішінара субсидиялай отырып, арнайы бағыттарды қарастырамыз. Бұл олардың зейнетке шыққанға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл әсіресе еңбек өтілі аз және зейнетақы қорында жинағы аз әйелдер үшін өте маңызды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу