Ауданның үш мектебінде 2024 жылы 5 педагог зейнеткерлік жасқа толуына байланысты өтемақы төленбестен жұмыстан шығарылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ҚР Еңбек кодексінің 53-бабы 9-тармағына сәйкес қызметкер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзбас бұрын кемінде бір ай бұрын хабардар етіліп, өтемақы төленуі тиіс.
"Қаратөбе ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана бес мұғалімге 400 мыңнан астам теңге көлемінде өтемақы төленді. Кінәлі мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.